Алматыда АЭС референдумының алдында ұсталған 12 белсендінің ісіне байланысты баспасөз жиыны өтті.
Адвокат Төлеген Берліқожа белсенділерді тергеу барысы туралы мағлұматтарды жарияламау туралы қолхатқа қол қойғандықтан, қылмыстық істердің барысын толыққанды айта алмайтынын, дегенмен істе жағымды жаңалық барын жеткізді. Оның айтуынша, қылмыстық істерден құпияландыру графасы алынып тасталған.
– Қылмыстық іс басталғалы бірнеше сараптама тағайындалды. Соның нәтижесін күтіп отырмыз. Соған сай, бір өзгеріс болап қалар деп үміттеніп отырмыз. Қазіргі кезде біздің сұрап отырғанымыз белсенділердің бас шараларын өзгерту. Бұл туралы қалалық прокуратураға өтініш білдіріп қойдық, – дейді ол.
Келесі адвокат Еркін Кахаров қылмыстық істердің құпиясыздандыруын «жеңіс» деп бағалайды. Сондай-а...