Қазақстан банк секторының ел экономикасына берген кредиті соңғы айда 1% өскен. Мамырдың басында банк секторының берген несиесі 30,8 трлн теңгеге тең болса, 1 маусымда ол 31,1 трлн теңгеге жеткен. Ұлттық банк статистикасынан халықтың тұтынушылық несиесі 5 айда 12,3% өскенін байқауға болады.
Банк секторына екінші деңгейлі банктер мен «Қазақстан Даму Банкі» АҚ жатқызылады. Соның 13,2 трлн теңгесі бизнеске берілген несие болса, 18 трлн теңгеге жуығы халықтың алған кредиті.
Осы 18 трлн теңгенің 11,3 трлн теңгесі – халық мойнындағы тұтынушылық несие. Бұл кредит көлемі 1 айдың ішінде 1,7% пайыз өскен. Жыл басынан бергі 5 айда 10 трлн теңгеден...