Қазақстандағы басты проблемалардың бірі – бюджеттің тұрақты тапшылығы. Соңғы жылдары шығыстар едәуір өсіп келеді. Сәйкесінше, бюджет шығынының жартысы Ұлттық қордан және қарызға алынып жатыр. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов осындай мәліметтер келтірді.
Палата төрағасы Үкіметтің бюджет қалыптастыру кезінде жіберетін кемшіліктеріне тоқталды.
«Соңғы жылдары шығыстар едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақмерзімді жоспар қажет», – деді Әлихан Смайылов.
Смайылов Ұлттық қорды...