Қазақстанда құс суреті бар петроглифтер өте сирек кездеседі. Ал аңшы құс бейнеленгені тіптен ерекше. Qalam.global редакциясы осы бағытта танымдық материалды назарға ұсынады.
Жыртқыш құстармен аңшылыққа арналған петроглифтердің бірі Құлжабасы (Жамбыл облысы) киелі кешенінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Шу-Іле тауында салынған. Петроглифте оң қолындағы құсты ұшыруға қамдап тұрған адам бейнеленген. Кейбір ғалымдар бұл петроглифті қола дәуірінеi жатқызуға болады десе, ал енді бірі ерте темір дәуірінеi теліп жүр.
Жазбаша дереккөздер мен қазба деректері бойынша андроновтықтардыңi арасында жыртқыш құстармен аң аулау туралы сенімді мәліметтер алынған. Сонымен қатар сұңқаршылықпен сақтар, скифтер, сарматтар (темір дәуірі) айналысқаны белгілі.
Жалпы, сұңқармен аң аулау — Азияның бұрыннан келе жатқан әуестігі. Біздің дәуірімізге...