Елдің басым бөлігінде тұман, шығыста қарлы боран мен көктайғақ, солтүстікте қатты жел соғады. «Қазгидремот» 25 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде көктайғақ, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы -2…-4°C, күндіз +4…+6°C. Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., түнде температура +1…+ 3°C, күндіз + 11…+13°C. Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с., ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +17…+19°C. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с., түнде ауа температурасы +7…+9°C, күндіз + 16…+18°C. Ақтөбеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с., түнде ауа температурасы -1…+ 1°C, күндіз + 8…+10°C. Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с., ауа температурасы...Жаңалықтар
Қостанай қаласының білім бөлімі мектеп сабақтарын 25 қарашадан бастап апта соңына дейін қашықтықтан оқыту форматына уақытша ауыстыру туралы шешім шығарды. Шешім ЖРВИ және тұмаумен ауырғандардың саны артуы, сондай-ақ оқушылар мен педагогтер екінші мәрте ауырып бастауы салдарынан қабылданған.
Өңірлік Алау басылымының хабарлауынша, шара педагогикалық кеңестер мен білім беру ұйым директорларының бірлескен отырыстарында келісілген. Сонымен қатар оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға бағытталған.
Қостанайдағы барлық 37 жалпы білім беретін мектеп қашықтан оқытуға ауыстырылды. Эпидемиологиялық ахуал мониторингінің қорытындысы бойынша аптаның соңында оқыту форматы туралы одан әрі шешім қабылданатын болады.
Білім бөлімі ата-аналар мен оқушыларға сабақ кестесі мен ұйымдастырушылық мәселелер туралы...
Отбасы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қарапайым коммерциялық банктерге тұрғын үй жинақтары жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат етілсе, Қазақстанда тәуекелді жағдайлар болатынын ескертті.
Қазіргі уақытта Отбасы банк тұрғын үй құрылыс жинақтары (ТҚЖ) жүйесіндегі жалғыз оператор және мемлекет салымдар бойынша сыйлықақыларды төлеуге үлкен сома жібереді.
Алайда қазір парламентте барлық банке жеңілдетілген ипотека алу мүмкіндігінің орнына төмендетілген мөлшерлеме бойынша (мысалы, 2%) депозиттер ұсыну – ТҚЖ жүйесінде жұмыс істеуге құқық беретін түзетулер талқылануда.
«Біз шағын және орта бизнеске несие бермейміз, құрылыс компанияларына несие бермейміз, тұтынушылық несие бермейміз, ал әмбебап банкте сіздің салымыңыз осы төмен мөлшерлемемен бұлыңғыр болады. Тұтынушылық несие немесе...
Вьетнамда су тасқыны жалғасуда. Қазір 83 қазақстандық турист ықтимал қауіпті аймақта. СІМ мен «Туристік Қамқор» қауымдастығына Қазақстан азаматтары әлі жүгінбеген.
СІМ не дейді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік Вьетнамдағы жағдайды бақылайтынын айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, қазір Вьетнамда су тасқыны болып жатыр. Біздің ақпаратқа сәйкес, қазір бірнеше мың азаматымыз Вьетнам курорттарында демалады. «Туристік қамқор» туроператорынан нақтылай аласыз. Біздің елшіліктерге бірде-бір хабарлама келіп түспегенін атап өткім келеді. Солай жалғасады деп үміттенемін», – деді ол.
«Туристік Қамқор» дерегі
«Туристік Қамқор» баспасөз қызметінің Kursiv.Media-ға ұсынған ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша қазір Вьетнам...
Ақтаудан келген жасөспірім «Ислам бостандығы» деструктивті тобының мүшесімін деп әзілдеді. Егер оның нөміріне 78 млн теңге аударылмаса, сауда орталығы жарылып кететіні туралы хабарлама жазған.
«Сәлеметсіз бе! Сізді «Ислам бостандығы» тобы мазалайды. Алдағы террористік акт туралы хабарлап, өз талабымды қойғым келеді. Дәл қазір Ақтаудың 38 шағынауданындағы 8 үйде 4-подьездің пәтерлеріне салмағы 34 кг болатын «актоген бомбасы» қойылған. Сізде барлық тұрғынды эвакуациялауға тура бір сағат бар. Екіншіден, менің телефон нөміріме 78 млн теңге аударылсын. Ақшаны алушы, біздің халифат жауынгері (аты — жөні кәмелетке толмағанның деректері ретінде жария етілмейді)», – деді жасөспірім «1414» Telegram арнасына жіберген хабарламасында.
Жасөспірім...
Bank RBK 176,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. Шешім 24 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды.
«Bank RBK банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысуды мерзімінен бұрын аяқтайды, оның шеңберінде 2017-2018 жылдары 243,7 млрд теңге алған еді», – делінген хабарламада.
2022-2025 жылдары Bank RBK мемлекетке алынған көмектің 67 млрд теңгесін қайтарып берді және енді қалған соманы толығымен өтейді. Сонымен қатар 2017 жылдан бастап банк 75,5 млрд теңге купондық сыйақы төледі.
Нәтижесінде мемлекетке төленетін төлемдердің жалпы сомасы 319,2 млрд теңгені құрайды (негізгі қарыз...
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, жаңа заң зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған және авторлық құқыққа да, тауар белгілерінің саласына да әсер ететін бірқатар жаңалықтарды қамтиды.
Құжатта келесі шаралар қарастырылған:
көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған шығармаларды авторлардың рұқсатынсыз және оларға сыйақы төлемей-ақ көпшілік алдында орындауына, таратуына, жалпыға жеткізуіне мүмкіндік беру; тауар белгілерін тездетіп тіркеуді енгізу. Қазір тіркеу 7 ай ішінде жүргізіледі. Заң ақылы түрде тіркеу тетігін енгізуде, соның нәтижесінде уақыт 4 айға дейін қысқарады. Бұл тауар...«Астана ЭКСПО-2017» компаниясында пара алу және жымқыру ісі бойынша ұсталған Айдос Есполов пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның туыстық қатынасы жалған болып шықты.
Бұл туралы Қазтаг агенттігі журналист Гүлжан Ерғалиеваға сілтеме жасап хабарлады.
«Бірнеше ай бұрын «Орда» мен Елмедиада егжей-тегжейлі баяндалған ЭКСПО-2017 көрмесінде 2,2 млрд теңге қаражатты жымқырды деп күдікке ілініп, қамауға алынған Айдос Есполов Әсел Құрманбаеваның туған ағасы емес, олардың аналары мен әкелері әртүрлі. Бұл жалған туыстық», – деп келтіреді Ерғалиеваның сөзін Қазтаг.
Журналист Құрманбаеваның тегі Әселдің анасының тегі екенін, ал әкесі жағынан тегі Исабаева екенін атап өтті. Бұған қоса, қамауға...
Әнші Мұқасан Шахзадаевқа қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласы полициясы хабарлады.
Бұған дейін «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде әнші Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін жазды.
Полицияның хабарлауынша, 22 қарашада Ғалымжан Сүлеймен құқық қорғау органына жүгінген. Бірнеше адамның өзін соққыға жыққанын айтқан.
«Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Заңгер Инга Иманбайдың сөзінше, Ғалымжан Сүлейменнің қолы мен мұрны сынған, беті ісіп-көгерген. Енді мұрнына күрделі ота жасалады.
«Ғалымжан түсіріп жатқан фильмнің жұмысы...
Еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі жиырма жылдан астам уақыт бойы мектеп бітірушілердің тағдырын айқындап келе жатыр. Әйтсе де, кейінгі жылдары бұл жүйеге қойылатын сұрақ бұрынғыдан да көбеймесе, азайған жоқ. Таразының бір жағында – жоғары білімге апаратын жалғыз ресми сүзгі тұрса, екінші жағында – оқушылар түсетін стресс, жемқорлық даулары тұр. Бұл мақалада қазіргі ҰБТ форматын талдап, министр Саясат Нұрбек ұсынып отырған ETS-пен бірлескен жаңа халықаралық тестінің білім жүйесін қалай өзгертетінін шолып шығамыз.
Қазіргі ҰБТ қалай жұмыс істейді
Қазақстандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – мектеп түлектерінің білімін стандартталған форматта бағалайтын және жоғары оқу орындарына іріктеу жасайтын ұлттық емтихан. Қолданыстағы жүйе бойынша...
Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті кәсіпкерлердің бір тауарға екі түрлі баға қоюына қатысты пікір білдірді. Бұл қолма-қол төлем жасау, бөліп төлеу не несиеге алу кезіндегі баға алшақтығына қатысты болып отыр.
Комитеттің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашевтің айтуынша, егер сатушы бөліп төлеуді өз қаражаты есебінен ұсынса, бағаны қымбаттатуға құқығы жоқ. Сома қолма-қол төлем кезіндегімен бірдей болуға тиіс.
«Егер бөліп төлеу банк арқылы рәсімделсе, қаржы ұйымының комиссиясы мен пайызына байланысты баға қымбат болуы мүмкін», – деді Тағашев.
Айтуынша, сатып алушыға бағаның көтерілетіні туралы алдын ала айтылуға тиіс. Сатушы ескертпеген жағдайда, азаматтар тұтынушылардың құқығын қорғау...
Кейбір сарапшылардың Қазақстан Украинаның тағдырын қайталауы мүмкін деген пікіріне СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.
Айбек Смадияровқа журналистер тарапынан қойылған осы сұрақтың өзі ұнамағаны байқалды.
«Украинаның қандай тағдыры? Неге біз оны қайталауымыз керек? Бірінші, екінші деп кім есептеп отыр? Ондай болжамдарды оқымаңыздар. Қазір интернетке кірсеңіз, неше түрлі сарапшылар көбейіп кетті», – деді ресми өкіл наразылығын жасырмай.
Оның айтуынша, Қазақстанның өзінің бірегей жолы бар. Украинаның тағдырын қайталайды деген «бос әңгіме».
«Өздеріңіз көріп жатырсыздар. Жақын арада – бір-екі апта бұрын Президентіміз Ресейге сапарлап қайтты. Екі ел арасындағы қарым-қатынас ең жоғары деңгейге көтерілд...
Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов келді. Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен көшбасшыны арнайы күтіп алды.
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сердар Бердімұхамедовтың сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Онда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективалары талқыланбақ.
Осыған дейін 17 қарашада елге Эстония Президенті Алар Карис ресми сапармен келген еді.
Қырғызстанда 15 183 адам иммунтапшылық вирусы инфекциясын жұқтырған. Оның 60%-дан астамы – 20-39 жас аралығындағы жастар.
Кактус мәліметінше, дені – әлеуметтік белсенді азаматтар.
2025 жылдың 1 қазанына қарай Қырғыз Республикасында 15 183 АИТВ жағдайы тіркеліп отыр. Көп жағдайлар Бішкек пен Шу облысында анықталады. Негізгі жұғу жолы – жыныстық қатынас. Бұл сексуалдық денсаулық туралы ашық және шынайы сөйлесудің маңызын көрсетеді.
Елде АИТВ-ның кеш анықталуы әлі де жиі кездеседі. Ал бұл – емдеуге және денсаулықты сақтауға қажет уақыттың жоғалуы деген сөз. Бүгінде АИТВ-ге тестілеу кез келген адам үшін қолжетімді.
«Өзінің АИТВ-статусын білу – алдын алу мен емдеуд...
Қазақстандықтар акция немесе жеңілдікпен сатылған тауарды қайтара алады.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Еркебұлан Тағашев айтты.
Маманның сөзінше, сатушылардың өзі талаптарды дұрыс түсінбейді.
«Бір кемшілігіне байланысты төмен бағада сатуға қойылған заттар қайтарылмайды. Ал акция, жеңілдікпен сатылған тауардың бәрін қайтаруға болады. Мұндай тауарды қабылдамау – заң талабын бұзу. Арыз түссе, сатушыға шара қолданылады», – дейді Тағашев.
Сондай-ақ мамандар сатушылардың бір тауарға қолма-қол төлеу кезінде және бөлеп төлеу немесе несиеге алу кезінде әртүрлі баға көрсетуге қай жағдайда құқылы екенін түсіндірді.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бірнеше жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аквапарк құрылысы аяқталуға жақын
Өңір басшысы әуелі облыс орталығында салынып жатқан аквапарк құрылысымен танысты. Ол 1,7 гектар жерді алып жатыр. Жоба құны – 10 млрд теңге. Құрылысты «HAGI-Павлодар» жүргізеді.
Мұнда бір сағатта 400 адам демалады. Құрылыстың 75%-ы аяқталды. Қазір нысанда су аттракциондарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аквапарк құрылысы 2026 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған.
40 тонна балық шығарады
Содан кейін Байханов балық өсіретін фермаға барды. 2023 жылдан бері мұнда бекіре және қызылбалық өсіріледі.
Жобаға 300 млн...
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің жұмысына қатысты шараларды бекітті. Бұл туралы Kaktus Media жазады.
Үкімет қабылдаған құжатқа сәйкес, 1 қаңтардан бастап бекеттерде АИ-80 жанармайын сатуға тыйым салады. Бұл шара «сапалы әрі экологиялық таза» отынмен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
Сондай-ақ Ташкент қаласының ішінде жүк көліктерінің қозғалысы таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта шектеледі. ІІМ жүк көліктеріне шектеу қойылатын көшелердің тізімін анықтауы тиіс.
Құжат бойынша, мазут және соған ұқсас отын түрлерін пайдалану кезінде экологияны ластағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.
Өзбекстанда жанармай бағасы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мәселен, АИ-92 бензинінің 1 литрі Қазақстанда 241 теңге болса, Өзбекстанда – ...
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина жөніндегі бейбіт келіссөздерден «бір жақсы нышан» байқағанын мәлімдеді.
«Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу талқылауларының төңірегінде «мүмкін, бір жақсы нәрсе болып жатқан шығар», – деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде.
Сонымен қатар, жақсылықтың нышаны бар екенін жасырмады.
«Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерде үлкен прогреске қол жеткізу мүмкін бе? Көрмейінше сенбе, бірақ бір жақсы нәрсе болып жатқан сияқты», – деп жазды ол.
Бұған дейін, 23 қарашада, келісім жобасын Украина және АҚШ делегациялары талқылаған болатын. Кездесудің қорытындысы бойынша Киев ұсынылған...
Түркістан облысында халықаралық мақта-мата орталығы құрылады. Мұнда джинс, ілмек және басқа да мата өндірісі жолға қойылады. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдің мәліметінше, Түркістан халықаралық инвестициялық форумында жалпы құны 432,2 млрд теңгенің жеті меморандумына қол қойылды. Оның арасында құны 75,3 млрд теңгелік Қазақстан-Қытай индустриалды аймағын құру жөнінде жоба бар.
Бұдан бөлек, өңір джинс матасын өндіруге ден қойып отыр.
«Джинс матасын өндіру, ілмек және мата өндіру, халықаралық текстиль орталығын құру, алюкацинк қағаздарын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жобасы, жарықтандыру жабдықтары мен күн панельдерін өндіру бағытындағы жобалар мақұлданды», – деп таратты жергілікті әкімдік.
Облыс 2025-2028 жылдар...
Тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін құрылыс компаниялары енді сапасына ең кемі бес жыл кепілдік беруі мүмкін. Бұл талқыланып жатқан Құрылыс кодексіне енгізілген.
Ал қазір құрылыс компаниялары екі жылға кепілдік береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.
Айта кетейік, Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар жарақат алды. Оқиға орнына медициналық көмек көрсетуге барған фельдшер қаза тапты. Тұрғын үйдің салынғанына 20 жыл болған. БАҚ өкілдері маманнан бұрын салынған тұрғын үйлердің сапасына кім жауапты екенін, қандай өзгеріс енгізілетінін нақтылады.
Жүнісбековтің сөзінше, жобаны іске...
Әлем халқының шамамен жартысы – 3,4 млрд адам әлі де дәретханасыз өмір сүріп келеді. Тіпті, қол жуатын сабыны да жоқ.
БҰҰ мәліметінше, соңғы он жылда 1,2 миллиард адам ғана қауіпсіз санитариялық жағдайға қол жеткізген.
Көп адам үшін күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігі болып көрінетін бұл қажеттілікке адамзаттың жартысына жуығы әлі де қол жеткізбеген.
Ұйымның мәліметінше, 354 миллион адам әлі күнге дейін ашық жерде дәрет алуға мәжбүр. Яғни, қажеттілігін далада, бұта арасында немесе орманда өтейді. Бұдан кейін қолын сабынмен жуу мүмкіндігі жоқ екен. Ашық дәрет сындыру негізінен Орталық, Оңтүстік және Шығыс Азияның, сондай-ақ Тропикалық Африканың ауыл тұрғындары арасында кең тараған.
Hyundai Premium Astana дилерлік орталығы 30 қарашаға дейін жеті модельге жаппай жеңілдік ұсынып жатыр. Акция шеңберінде ұсынылатын максималды жеңілдік 6 млн теңгеге жуықтайды.
Науқан аясындағы ең үлкен жеңілдік 7 орынға арналған PALISADE моделіне жасалған. Көліктің өз бағасы 39 млн 890 мың теңге тұрады. Алайда жеңілдік науқанының арқасында 5 млн 983 мың теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік бар.
Жеңілдіктер тек PALISADE-пен шектелмейді. Мысалы:
SANTA FE Modern – шамамен 4,7 млн теңгеге дейін төмендетілген бағада; TUCSON Prime 2.0 – 3,5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен ұсынылуда; Ал седан үлгісіндегі SONATA Base – 2,3 млн теңгеге дейін арзандаған.Айта кетейік, 2025 жылды...
Украинаның Львов қаласында балалар арасындағы жанжалға араласқан ата-аналар мектеп ауласында оқ атып, атысып кеткен.
Униан ақпаратына қарағанда, бұл туралы Львов қалалық кеңесінің білім және мәдениет департаментінің директоры Андрей Закалюк хабарлады.
Оның айтуынша, бір сыныпта оқитын және өзара жанжалдасып, төбелесіп қалған балалардың әкелері директор кабинетіне шақырылған. Кездесуден кейін де ересектер сөз таластыруын тоқтатпаған. Бір кезде ер адамдардың бірі пневматикалық тапанша алып оқ ата бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша төрт рет атқан.
Жәбірленуші ішінен және аяқ тұсынан жараланған. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқушылар мен мұғалімдер дін аман. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Ал Қазақстанда, атап...
Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Сауран ауданында мал шаруашылығына мемлекеттен бөлінген 217 млн теңге субсидияны қолды қылған 5 адамға қатысты үкім шығарды. Олардың төртеуі 5 жыл 2 айға түрмеге жабылды. Бірінің дәл осы мерзімге бас бостандығы шектелді.
Сот кабинеті жүйесіне ілінген сот үкіміне қарағанда, сотталушылардың төртеуі Сауран ауданына қарасты ветеринарлық қызмет кәсірорнының қызметкерлері. Үшеуі – ветеринариялық дәрігер, бірі – Сауран аудандық ветеринариялық пунк меңгерушісі. Бесінші сотталушы – мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер.
Күдіктілер мал шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруды 2020 жылы бастаған. Әуелі ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына жалған құжаттар тіркеген. Мысалы, «Олимжон Бизнес» шаруақожалығы 42 бұқаны тірі салмақта бордақылау...