Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Сәуле Жұбаниязова жарыссөзде сөз сөйледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сотталушы Сәуле Жұбаниязова өз сөзінде 2017 жылғы сараптама бойынша көрсетілген барлық кемшіліктер жойылғанын айтты.
Оның сөзінше, үйді өзі тексерген кезде қабырғалардан жарықтар байқалмаған және тұрғындар тарапынан да мұндай шағым түспеген. Ал сотта айтылған жарықтардың көпшілігі ғимараттың қасбеті құлағаннан кейін пайда болғанын жеткізді.
«Мен бұл үйде әлі күнге дейін МИБ төрайымымын. Бұл тұрғындардың маған сенетінін көрсетеді. Үйдегі мәселелерді тұрғындармен бірге шешіп келеміз. Мен де осы үйде тұрамын, жақындарым да осында. Мен өзімнің, балаларымның немесе анамның өміріне қауіп төнетінін біле тұра, шара қолданбай отырар ма...