Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында өзінің басты мақсатын атады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Біз алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табанды еңбек ете береміз.Халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуымыз қажет. Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көп елдің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін. Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын», – деді мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне паш ету мақсаты алдында тұрғанын айтты.
«Алдымда тұрған мақсат...