Қазақстанда ғимараттардың қасбеттері мен қоғамдық орындарға рұқсатсыз граффити салудың алдын алу үшін жаңа шаралар енгізу ұсынылды. Бұл мәселе депутаттық сауалда көтерілді, деп хабарлайды KursivMedia.
Депутат Мейрамбай Кемалов премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында заңсыз граффити қаланың сыртқы келбетіне ғана емес, қоғамдық инфрақұрылымға да зиян келтіретінін атап өтті.
«Әдетте мұндай әрекеттер санаулы минуттың ішінде, көбіне түнгі уақытта жасалады. Құқық бұзушылар бетперде немесе капюшон пайдаланады. Негізгі нысандар – ғимараттардың қасбеттері, аялдамалар, жерасты өткелдері және басқа да қоғамдық орындар», – деді депутат.
Оның айтуынша, проблеманың негізгі себептерінің бірі – құқық бұзушыларды «ізін суытпай» анықтаудың қиындығы. Бұл өз кезегінде заңсыз әрекет...