Құрылтай отырысында депутаттар Президентке Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр келісімге ұсынылған тұлғаларды таныстырды.
«Аталған кандидаттар – өз салаларының білікті мамандары. Олардың білімі мен тәжірибесі ұсынылған лауазымдардағы міндеттерді сапалы атқаруға мүмкіндік береді деп санаймыз. Қолдауларыңызды сұраймыз», – деді Роман Скляр Құрылтай отырысында.
Конституциялық Сот судьялары қызметіне тағайындауға келісім берілген кандидаттар:
Абдолла Сәкен Қайрат Жақыпбаев Ләйла Жақаева Айгүл Қыдырбаева Айжан Жатқанбаева Бақыт Нұрмұханов Қанат Мусин Сергей Скрябин Аслан Тукиев Сергей УдарцевОрталық сайлау...