ІІМ орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда қанша полиция қызметкері жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Игорь Лепеха мәлімдегендей, тек патрульдік полицияға қосымша кемінде 10 мың қызметкер қажет. Оның сөзінше, қосымша мамандарға деген қажеттілік жаңа шағынаудандар, елді мекендер, мектептер мен учаскелік полиция пункттерінің ашылуына байланысты туындап отыр.
«Осыны ескере отырып, бізге учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар да қажет. Бұл санаттағы қызметкерлердің барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазір әкімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Бюджет мүмкіндігіне қарай, ең алдымен осы бөлімшелердегі қызметкерлер санын кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отырмыз. Әкімдік, Президент және Үкімет тарапынан қолдау болса, келесі жылдан бастап...