Мексикада жалақыны өсіруді талап еткен мұғалімдер алдағы футболдан Әлем чемпионатының матчтарын өткізуге кедергі келтіретінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Бұл жағдай онсыз да әуежайларда қонақ күтіп алу деңгейінің төмендігі, көлік кептелісі мен кейбір қалалардағы қауіпсіздік мәселелерімен бас қатырып отырған турнир ұйымдастырушыларына үлкен қысым болып тұр.
Мұғалімдер кәсіподағының (CNTE) өкілдері 2 маусымда өз талаптарын талқылау үшін елдің Ішкі істер және Білім министрлерімен кездесті. Кездесу Мехико орталығындағы наразылық шарасы жаппай тәртіпсіздікке ұласқаннан кейін шұғыл ұйымдастырылды. Ереуілшілер мен полиция арасындағы қақтығыс салдарынан оннан астам адам түрлі жарақат алды.
Келіссөздер жүріп жатқан уақытта да наразылық білдірушілер қаланың басты магистральдарының бірін жауып...