Қазақстанда жыл басынан бері 475 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Қазір электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бұл туралы Еңбек күні қарсаңында өткен «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасында айтылды, деп хабарлайды Kursiv Media премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, жұмыспен қамту, маман даярлау және өндірістік қауіпсіздық саласында қолданылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.
Жұмыссыз азаматтарға вакансия автоматты түрде ұсынылады
Үкіметке жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларға бос жұмыс орындарын ұсынатын цифрлық платформа таныстырылды.
Жоба әзірге Павлодар және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде жұмыс істеп, 59 мыңнан астам адамды қамтыған. Қарашадан...