Ағылшын тілінен сабақ беретін ресейлік бір мұғалім наркоз салып, колоноскопия (көтен ішекке эндоскопиялық зонд енгізіп тексеру) жасатқан соң орыс тілін ұмытып қалған, деп хабарлайды Mash Telegram-арнасы.
Клиникадағы эндоскопист дәрігердің айтуынша, аталған медициналық процедурадан өткен 28 жастағы ер адам бұған дейін ешқашан наркоз алмаған екен. Процедура аяқталғаннан кейін ол біраз уақыт оянбай жатқан. Ал оянып, есін жиған бойда ана тілінде емес, тек ағылшынша сөйлей бастаған.
Дәрігерлер оның жағдайын қалпына келтіруге тырысып, қасынан кетпей, бір сағаттай қам жасаған. Алайда түк шықпаған соң әйелін шақыртып, жағдайды түсіндірген, бірақ ол да көмектесе алмаған: ер адам ағылшынша сөйлеп, арасында дауыс...