24 қыркүйекте Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаз қайтыс болды. Бейбіт заманда 20-ға енді толған, өрімдей 14 жауынгерден айырылып қалу тұтас қоғам үшін ең ауыр жаңалыққа айналды. Ел бір күнге қара жамылды. Kursiv.Media қасіретті күннің хронологиясын еске түсіріп шықты.
Бірінші күн
13:57. Ең алғашқы жаңалық. Төтенше жағдай туралы ақпарат 24 қыркүйек, 13: 57-де Қорғаныс министрлігінің парақшасында жарияланды. Жаңалықты БАҚ іліп алып, бірнеше минут өтпей жатып барлық сайт пен әлеуметтік желіге шықты. Ең бірінші тараған ақпарға сәйкес, әскери оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметші суға құлап, оның тоғызы қайтыс болған. Үш әскери құтқарылды...