Ресейдің Ярославль облысында пиротехника шығаратын зауытта өрт шығып, 14 адам қайтыс болды, 15 адам зардап шеккен. Аймақта 30 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Kusiv.Media.
Төтенше жағдай Переславль-Залесский округіне қарасты Кубринск ауылында болған. Ярославль облыстық ТЖМ мәліметінше, өрт екі ғимаратты шарпыған. Өрт кезінде онда сақталған пиротехника бірінен соң бірі жарылып, салдарынан ғимараттардың қабырғалары мен төбесі ортасына түскен. Қазір өрт толығымен сөндірілді, құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаға байланысты округте аймақтық деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді.
Қаралы күн
Ярославль облысында 30 қыркүйек қаза тапқандарды еске алу үшін қаралы күн деп жарияланды. Мемлекеттік орган ғимараттарында тулар...