Испанияда өтіп жатқан шахматтан әлемдік командалық чемпионаттың ширек финалында Қазақстан – Үндістан кездесуі жеңімпазды анықтау үшін тай-брейкке дейін жетті. Қосымша блиц-партияларда қыздар қарсыластарын тізе бүктірді.
Алғашқы матчта (регламент бойынша плей-офф кезеңінде екі матч өткізіледі) қазақстандықтардың айқын басымдығы байқалған еді. Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева және Елназ Калиахмет бірінші тақтадағы Бибисара Асаубаеваның жеңілісін артығымен өтеп, жалпы есепте 3:1 нәтижесін тіркеді.
Екінші матчта команда капитаны Павел Коцур Асаубаеваның орнына Камалиденованы шығарды. Меруерт қара фигурамен Үндістан құрамасының лидері Рут Падминимен тең түсті. Алайда Балабаева мен Лия Курманғалиева өз партияларында жеңіліп қалды. Төртінші тақтадағы 15 жастағы Калиахметтің кезекті жеңісі де жағдайды түзей алмады есеп...