
Meta Platforms капитализациясы соңғы рет екі жыл бұрын жеткен 1 трлн доллар деңгейіне жақындады. 2022 жылы компания құны құлдырауынан кейін, басшылық 2023 жылды «тиімділік жылы» деп жариялап, шығындарды азайта бастады. Бұл өткен жылы акциялардың шамамен 200% өсуіне әкелді. Bloomberg ақпаратына сүйенсек, 18 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Meta нарықтық капитализациясы 966,6 млрд долларды құрады. Бейсенбіде компанияның акциялары 2,1% қымбаттап, 376,13 доллар деңгейінде жабылды. Соңғы рет…