АҚШ-тың төлем алпауыттары Visa мен Mastercard криптовалюта фирмаларымен жаңа серіктестік орнату жоспарларын кейінге қалдырып жатыр. Оған себеп бұл салаға деген сенімнің азаюы деп жазады Reuters агенттігі.
«2022 жылы криптовалюта индустриясынан сәттілік теріс айналғандай болды. Өйткені былтыр саладағы FTX және BlockFi сынды ірі компаниялар банкротқа ұшырап, инвесторларды дүр сілкіндірді. Соның салдарынан сектордағы реттеуші бақылауды күшейтті», дейді Reuters агенттігі.
VISA мен MasterCard екеуі де нарықтағы жағдай мен реттеуші орта жақсарғанға дейін криптовалютаға қатысты қатысты кейбір өнімдер мен қызметтердің іске қосылуын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған.
Криптовалюта – бұл цифрлық немесе виртуалды нысандағы валюта түрі, оны...