Қаңтар айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 755,1 млрд теңгені құрады. Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырсақ, өсім 18 пайызы құрады, деп жазады Бірінші несие бюросы.
Инвестиция салудағы ең тартымды сала – тау-кен өнеркәсібі болып қала береді. Бұл салаға талтылған инвестицияның 43%-ға жуығы (немесе 323,5 млрд. теңге) құйылған. Бұл цифр бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,6 пайызға артық. Шикі мұнай мен газ өндіруге 270,7 миллиард инвестиция құйылған. Яғни Қазақстанға құйылған инвестицияның әрбір үшінші теңгесі дәл осы салаға тиесілі.
Ал инвестициялы тартымдылығы жағынан екінші орынға жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар орналасқан. Бүкіл инвестицияның шамамен...