Балқаш көлі жылдан жылға азайып келеді. Экологтар осындай дабыл қағып отыр. Ынталы топ осы су айдынының проблемасына қоғам назарын бұру мақсатында «Ұлы Балқаш шақырады!» атты шара өтткізді. Шараға қатысушылардың қатарында білім, ғылым, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлері бар және «Курсив» ақпараттық порталының тілшісі Баян Талдыбай да қатысып қайтты.
«Іс-шараны Балқаш көлінің мұзды айдынында өткізуіміздің өзіндік мәні бар. Тарихи, мәдени-этнографиялық, экономикалық маңызы ерекше Балқаш көлінің құрғап кету қаупі төніп тұр. Соңғы жылдары су деңгейі төмендей бастаған. Әлемді алаңдатқан Жаһандық жылынудың Балқаш көліне де кесірі тиіп кетуі бек мүмкін. Бұл тұстағы біздің негізгі идеямыз – көл экологиясының бүгінг...