Қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 781 736 өтінішін орындады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,2 млн теңге.
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,7%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,5%), Маңғыстау облысының (12,0%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат...