Қарағанды облысында шағын мұнай өңдеу зауытының ашылуы екіталай, деп хабарлайды Kursiv.kz тілшісі.
«Жоба иелері ақша іздеп жатыр. Сингапурлық инвесторлар бар, бірақ жағдай әлі түсініксіз», – деді Қарағанды облысы өнеркәсіп және ИИД басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмасұлтанов.
Шағын МӨЗ-дің құрылысына әуелде сингапурдың R Way Solution PTE Ltd компаниясы қомақты қаржы саламыз деген. Болашақ зауыт пен инфрақұрылымы толық шағын қалашық үшін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданынан 170 гектар жер бөлінген.
Жоба 2 жылға жоспарланған еді. Оған қоса, Қазақстан бойынш 200-ге жуық жанар-жағармай бекеттерін ашу көзделген-тұғын.
Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қуаты жететін зауытта АИ-92, 95, 98 жанармайы, «Jet-A1» авиация керосині және...