Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру қылмыстық қызметімен айналысқан Т.Еремееваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу барысында Т.Еремеева 2019 жылдың соңынан 2020 жылға дейінгі кезеңде коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден асатын бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткені анықталды.
Қылмыстық әрекеттер оның бақылауындағы 6 компания арқылы материалдық сыйақы үшін жүзеге асырылды.
Т.Еремеева экономикалық қызмет саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Қолма-қол ақшаға айналдыру – бұл салықтан жалтару немесе есепке...