Үй жануарларын серуендетудің жаңа ережелері, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жануарларды өлтірудің жаңа ережелері туралы Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты.
Еске сала кетейік, 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаған болатын, ол жануарларды қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жануарларға қарауда адамгершілікті нығайту және жануарлармен қарым-қатынас жасау кезінде қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларды ұстау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды реттейді.
Оның негізінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі Жануарларды ұстаудың, уақытша ұстаудың және өлтірудің үлгілік қағидаларын және үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік...