Коронавирус екпесін әзірлеуге арналған акцияның алғашқы күні миллиардтаған еуро жиналды. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«Коронавирусқа жаһандық жауап беру» акциясы аясында ақша жинау туралы жақында Бельгия астанасы Брюссельде жарияланды. Онлайн конференцияның бірінші күні 7 млрд 400 млн еуро жиналды. Аталған акция екі аптаға созылады.
ДДСҰ мен Еурокомиссияның қолдауымен, акцияның ұйымдастырушылары – Еуропалық Одақ елдері және қауымдастыққа кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия және Сауд Арабиясы елдері. Сондай-ақ акцияға Жапония, Канада, ОАР және басқа елдердің көшбасшылары қосылды.
ЕО елдері бір миллиард еуро бөлу туралы мәлімдеді. Тағы осыншама бір миллиард АҚШ долларын Норвегия береміз деп уәде етті.
«Біз бір...