Елімізде 12 жастан асқан балаларға вакцина салынады. Министр балаларға қай вакцина салынатынын айтты
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елдегі эпидахуал, вакциналау қарқыны және ұжымдық иммунитет жайлы соңғы жаңалықтармен хабардар етті және дәл қазіргі кезде қордаланып тұрған негізгі проблемаларға тоқталды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаяттың айтуынша, ешқандай медициналық қарсы көрсетілімі жоқ адамдар вакцина алуға тиіс.
«Мейірбикелер болсын, басшылар болсын, вакцналауға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Егер адамда ешқандай медициналық қайшылық болмаса, ауруы болмаса, ол ұжымына, отбасына қауіп төндірмес үшін екпе салдыруы тиіс. Өзі үшін де, қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына да зияны тимеуі керек. Қазіргі кезде ауру ушығып тұр. Өлім-жітім артып отыр. Біз ауруханаға барғанда вакцина салдырмағанына өкініп жатқан науқастарды...