Туризм саласы экономиканың өсуінің жаңа көзіне айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев және туристік саланың 120-дан астам өкілінің қатысуымен өткен жиында ҚР туристік саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасының таныстырылымында айтылды.
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов жиынды ашып, Мәдениет және спорт министрлігіне тұжырымдамалық тәсілдерді алдын ала талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
«Қауымдастықтармен және туристік сала өкілдерімен тұжырымдаманың жобасын талқылауымыз керек деп санаймыз. Туризм үлкен салааралық байланысқа ие. Жеке іс-шаралар бірнеше салаға әсер етуі мүмкін. Сондықтан барлық тарапты тыңдап...