2022 жылғы қарашада көтерме сауда көлемі рекордтық 3,7 трлн теңгені құрады — 2021 жылғы қарашамен салыстырғанда құндық мәнде 24,9% артық (ФКИ — 111,8%).
Еске сала кетейік: көтерме сауданың ең жоғары қарқыны дәстүрлі түрде желтоқсан айына келеді. Айталық, бұған дейін көтерме сауданың айлық көлемінің ең жоғары көрсеткіштері 2019 және 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген: тиісінше 3,7 трлн және 3,5 трлн теңге. Ал 2022 жылдың қараша айының жоғары көрсеткіштерін ескерсек, желтоқсан жаңа рекорд орнауы мүмкін.
Жалпы, 2022 жылғы қаңтар–қарашада көтерме сауда көлемі 30,6 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 20,8% артық (ФКИ — 106%). Көтерме сауданың үлес...