2022 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 587 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 554 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 033 мәміле жасалды. 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда (33 797) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (8 063 – 24,0%) және Астана (5 004 – 14,9%) қалалары көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 343 (1%).
Қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында ең көп өсім Ақтөбе (20,8%) облысында және Алматы (14,0%), Шымкент (9,8%) қалаларында тіркелді. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Солтүстік Қазақстан (-25,3%), Шығыс Қазақстан (-19,4%) облыстарында және Астана (-15,0%) қаласында болды.