Қызылорда облысының ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған барымташы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Төрт түлік мал көбіне қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланады. Малшылармен келісім – шарттық қатынастардың болмауы «еркін жайылу» практикасын қалыптастырады және малдың кедергісіз ұрлануына немесе жоғалуына ықпал етеді.
Бұған қоса, тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды.
Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады. Осылайша, мал ұрлығы...