2022 жылғы қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсті. Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерге байқалды – 2,7% (2022 ж. тамызда-1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға (2022 ж. тамызда – 1,8%) қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2% (2022ж.-1%). Бұл туралы ҚР Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде (2022 ж. қыркүйек) ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ға өсті.
Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ға, киім...