Бүгін Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралып, Үкімет басшысы азаматтардың ТМККК және МӘМС бойынша арыз-шағымы көп екенін айтқан.
«Бірінші кезекте дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда. Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігімен бірлесіп, 1 қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын», — деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министрдің айтуынша, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу керек. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет.
«Өңірлермен бірлесіп...