Қаржы тапшылығы салдарынан, ол сол күйі жабылып тынар еді, егер орайы келіп, шетелдік инвестордың табыла кеткені болмаса.
2017 жылғы желтоқсан айында «Alef trade» ЖШС Екібастұз қаласына қарасты Шідерті кентінде қысқы дизельді отын шығаратын зауытты іске қосты. Сол тұста бизнес пен билік «бұл елімізде теңдесі жоқ кәсіпорын», «Павлодарда ғана қыста қатпайтын жанармай өндіріледі» деп, жалпақ жұртқа жария салғаны есімізде. Өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Павлодар облысның әкімі Болат Бақауов жаңа зауыттың экономикаға да, қарапайым халыққа да пайдасы мол болатынын көсіле баяндаған еді.
«Аймағымызға аязды ауа райы тән. Қазан мен қараша айларынан бастап, күннің күрт суытуы ғажап емес. Температура...