Ағымдағы жылдың 7 айы қорытындысы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 62 млн тоннадан астам тас көмір тиелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ке өсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Республика бойынша темір жолмен көмір тасымалдау 1,5%-ке артып, 42,4 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ЖЭО қоймаларына 37,1 млн тонна, тұрғындар үшін – 5,2 млн тонна тиелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 26,5%-ке жоғары.
Қатты отын экспорты 12,2%-ке, яғни 19,7 млн тоннаға дейін өсті. Дәстүрлі түрде қазақстандық көмір жеткізу Ресейге, Орталық Азия мен Еуропа елдеріне бағытталған. Қазақстандық көмірдің негізгі тұтынушысы Ресей болып табылады, оған барлық экспортты...