Әлемнің бірде бір электрондық жүйесі техникалық іркілістерден сақтана алмайды. Алайда, ақша операцияларын жүргізу кезінде сіз мұндай жағдайды бастан өткерсеңіз, оған дүрлігудің қажеті жоқ. Бұл туралы Fingramota.kz бұл жөнінде бірнеше ұсыным береді.
Банктің немесе банкоматтың жұмысында іркілістер болуы мүмкін немесе қандай да бір себептермен сіздің төлем картаңызға шектеу қойылуы мүмкін бірнеше жағдайды қарастырайық.
Банктің бүкіл жүйесіндегі техникалық іркіліс
Ол бірнеше минутқа, не бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Егер банк бұл уақытта техникалық жұмыстар жүргізетін болса, банк ол жөнінде өз сайтында немесе мобильдік қосымшаның жаңалықтар легінде хабарлауға тиіс. Бірнеше сағатқа немесе одан ұзақ уақытқа созылатын күтпеген іркілістер кезінде банк ол туралы клиенттерге SMS-жіберілім...