Төтенше жағдай мерзімі ұзарды. Бизнес иелері дәл қазір қиын күн кешіп жатыр. Негізі кризис кезінде кәсіпкерлердің екі-ақ амалы бар: кәсібін тоқтатып, кейін бір реті келіп жатса жандандыру немесе соңына дейін күресу. Егер тұтынушы сіз жаққа келмей қалса, оларға өзіңіз баратын тәсілдер іздеген жөн. Ендеше, назарыңызға бірнеше әдіс ұсынып көрейік. Кәдеге жарасын!
1. Азық-түлік жеткізу қызметі
Карантин жағдайында жеткізу қызметін қолданған баршаға ыңғайлы. Әйтсе де, кез келген кәсіп түрінің оң жамбасына келе бермейді. Кафе, асхана сынды тамақтану орындарына бұл қолайлы. Тіпті көпшілігі карантинге дейін-ақ қызметтің бұл түрін ұсынатын. Қазір енді екі бастан жеткізушінің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Түсетін табыс бұрынғыдан әлдеқайда азаяры...