Flybe британдық әуе компаниясы жабылғандығы туралы хабарлады.
Flybe өз клиенттеріне барлық рейстердің ұшуға шектеу қойды. Ұлыбританиядағы жұмысын толығымен аяқтап, әуе билеттерін сатуды бірден тоқтатты.
«Егер сіз Flybe компаниясымен ұшуды жоспарласаңыз, басқа әуе компаниясына балама рейс ұйымдастырмайынша, ӘУЕЖАҒА КЕЛМЕҢІЗ»,-деп мәлімдеме жасады.
Flybe британдық әуе компаниясы бюджеттік тасымалдаушы болып 1979 жылы құрылған. Бір кездері Flybe Еуропадағы ең ірі тәуелсіз аймақтық әуе компания болды, ол жылына сегіз миллион жолаушы тасымалдап, 200-ден астам бағытқа қызмет еткен.
Біраз уақыт әуе компаниясы бұл дағдарыстан шығуға тырысты. Қаңтар айында Ұлыбритания үкіметі ,Flybe авиакомпаниясын «қалпына келтіру жолында» қол ұшын беретіндігі жайлы хабарлаған.
Бұл мәлімдеме коронавирустың авиация саласына зардап тигізгенге дейін болған. Көптеген...