1959 жылы Софийская стансасы Талғар қаласы болып қайта құрылады. Талғар – Алматыдан 25 шақырым жерде орналасқан, аудандық маңызы бар қала. Бұл аймақта ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне еніп, мәдени-тарихи жәдігер ретінде қорғалатын, Ұлы Жібек Жолы кезеңінен кел жатқан Талхиз қаласы жатыр. «Курсив» пен «Шеврон» компаниясы бірлесе қолға алған «Нағыз Қазақстан» жобасы аясында елдің әр аймағындағы қалалар мен олардың тыныс-тіршілігі жайлы әңгімемізді жалғастырамыз.
Қазақстандықтар ежелгі Талхиз қалашығы туралы 2016 жылы, қоғам белсенділері «Алматы облысында орналасқан дүниежүзілік мұра жойылып бара жатыр» деп БАҚ бетіне дабыл қаққан кезде кеңінен білді. Сол кезде VIII-XIV ғасырларға жататын көне қалашық үстінен «Ақ бұлақ» тау шаңғысы курортына қарай автомобиль жолы салына...