«Алтын Орда» базарындағы бизнес-процес цифрлық форматқа көшіріледі.
Базарда 6 шлагбаум штаттық режимде жұмыс істейді. POS-терминал орнатылады. Қолданысқа QR төлем енгізіліп, базардың сайты іске қосылады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтің базар әкімшілігімен кездесуінде айтылды.
«Алтын Орда» базарының директоры, Big City Market ЖШС басқарушы компаниясының басшысы Данияр Дүзбаев аумақта 6 шлагбаум тест режимінде жұмыс істеп тұрғанын, келесі аптаның соңына дейін штаттық режимге көшетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, базар аумағына POS-терминал орнатылады.
«Қазір базардын сайты әзірленуде. Онда әрбір кәсіпкер сауда орындарының бар немесе жоқ екенін көре алады, сауда нүктелерін жалға алу шартын жасай алады және...