Deutsche Bank АҚШ-тың S&P 500 индексі 2024 жылы 12% өседі деген болжам жасап отыр. Сауд Арабиясы ОПЕК+ мүшелерін мұнай өндіру квотасын қысқартуға көндіруге тырысып жатыр, ал Үндістан ресейлік мұнайдың негізгі өңдеуші және Еуропаға дизель отынын жеткізушіге айналды. Осы және өзге де тақырыптарды 27 қарашаға арналған әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыздар.
Deutsche Bank S&P 500-ге қатысты ең жоғары болжам жасады
Deutsche Bank америкалық S&P 500 индексі 2024 жылы 5100 тармаққа дейін немесе қазіргі деңгейінен 12% өседі деген болжам жасады. Market Watch-тың хабарлауынша, бұл – жарияланған болжамдардың ең жоғарғысы. Оған қоса стратегтер 2024 жылы индекс 6000 тармаққа жетуі мүмкін екенін...