Фото: kursiv.media
Chevron компаниясының Теңіз кен орнын кеңейту жобасының толық іске қосылуы 2024 жылдың соңына дейін шегеріледі, деп хабарлайды Bloomberg мұнай компаниясына сілтеме жасап.
Басылым дерегінше, жобаны тапсыру мерзімінің өзгеруі соңғы 45 миллиард долларды игеру кезеңдерінің кешігуіне байланысты.
Осылайша, өндірісті 260 мың баррельге немесе тәулігіне шамамен 40%-ға арттыруға тиіс жобаның толық іске қосылуы тағы алты айға шегерілді.
«Байділдинов. Мұнай» авторлық бағдарламаның жүргізушісі, энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі Олжас Байділдиновтың айтуынша, кешігудің нәтижесінде жоба құны бастапқыда белгіленген сомадан арта түседі.
«Уақыттың кейінге жылжуы жоба құнының өсуіне алып келеді, өйткені ресурстар мен уақыт жұмсалады. Әрине, жоба құны артады. Мәселен...