Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берілген тұтыну несиесінің көлемін заң жүзінде шектеуді ұсынып отыр. Бұл туралы ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
«Біз бұл өзгерістерді әлі ашық жариялаған жоқпыз, бірақ талап ең бірінші онлайн-несие бойынша күшейтілетін болады… Тұтыну несиесі де шектелуі керек. Кейде жеке кәсіпкерлер бірнеше миллиард теңге болатын тұтыну несиесін кәсіпкерлік мақсатта, бірақ кепілсіз алады», – деді ол ҚНРДА әзірлеген заңнамаға енгізілген түзетулерге сілтеме жасай отырып.
Сонымен қатар, агенттік тұтыну несиесінің жылдық пайыздық мөлшерлемесін төмендетуді тағы да ұсынады. Наурызда ҚНРДА кепілсіз несие бойынша шекті мөлшерлемені 56%-дан 44%-ға дейін төмендетуді ұсынған қаулы жобасын жариялады. Алайда кейіннен...