Қазақстанның даму банкі атқарушы орган мүшелеріне 2022 жыл үшін төленген сыйақының мөлшерін жария етті. Қазақстан қор биржасына жолданған ақпаратқа сәйкес, оның көлемі 251,74 млн теңгені құраған.
Қазақстан даму банкінің ақпаратына сәйкес, сыйақы ретінде «еңбек ақы және барлық ақшалай марапаттау түрлері» аталып тұр. Банктің 2022 жылғы қаржылық есептілігінде директорлар кеңесін ұстауға жұмсалған шығын 230,6 млн теңгені (2021 жылы 253,2 млн теңге) құрағаны айтылған. Ал, қызметкерлерге төленген төлемдер 2021 жылы 4,25 млрд теңгені құраса, 2022 жылы 5,05 млрд теңге болған. Іссапар шығындары 84,2 млн теңге (2021 жылы 81,6 млн теңге), кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыруға 56,7 млн теңге (2021 жылы...