Фото: Курсив
Сотта Арыстанбек Мұхамедиұлының мүддесін қорғаған адвокат Мұстақым Төлеев қамауға алынды, деп хабарлайды белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачковтың телеграмм арнасы.
«Астанада бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қорғаған адвокат Мұстахим Төлеев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, адвокаттың үстінен экс-шенеуніктің әйелі арыз жазған. Ол күйеуіне жеңіл жаза тағайындау үшін адвокатқа белгілі бір мөлшерде ақша бергенін жазды», делінген жексенбі күні тараған хабарламада.
Қылмыстық іс, журналистің айтуынша, «Алаяқтық» және «Пара беруге итермелеу» баптары бойынша тіркелген.
Адвокат Төлеев изоляторға қамалған.
Еске сала кетсек, 20 маусымда Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот үкім...