«ҚазМұнайГаз» ҰК мен италияның Eni компаниясы Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздері негізінде Гибридті электр стансасының жобасын бірлесіп жүзеге асыратын болды. Аталмыш жоба қағидаттары туралы келісімге «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Eni компаниясының Бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци қол қойған. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл бірегей жоба қуаты 50 МВт күн электр стансасы, қуаты 77 МВт жел электр стансасы және қуаты 120 МВт газ электр стансасынан тұрады. Ол ҚМГ-нің өңірдегі еншілес компаниялары үшін тұрақты электр энергиясын өндіріп жеткізетін болады.
Жоба Eni компаниясының халықаралық индустриялық тәжірибесін қолданып, түрлі технологиялардан тұратын новаторлық гибридті кешен салуды көздейд...