«ҚазТрансОйл» АҚ ашық конкурс тәсілімен өткізген тендерлеріне қатысушыларға басы артық талап қойған. Компания жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеге автокөлік құралдарын жалға алмақ болған. Бірақ тендерге қатысушылардың біліктілігіне қатысты артық талап қойғанын Бас көлік прокуратурасы анықтапты.
«Қоғам ашық конкурс тәсілімен автокөлік құралдарын жалға алу қызметін жалпы сомасы 12,8 млрд теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Соған қарамастан автомобильдерді жалға алу үшін қажет етпейтін «жол инспекторы/техник/инженер-механик» мамандығы бойынша дипломдар болуы шарт ретінде қойылған», деліген хабарламада.
Ұлттық оператордың әкімшілік ғимаратын күтіп ұстау қызметін 460 млн теңгеге сатып алғанда да осындай жағдай орын алған.
Тендер құжаттама бойынша кәсіпкер күзет қызметі бойынша...