2023 жылы Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның банк секторы нақты ЖІӨ өсімінің драйвері болады, деп хабарлайды S&P Global Ratings. Дегенмен, бұл елдердің жалпы ішкі өнімі 2022 жылғы жақсы көрсеткіштерден кейін біршама төмендеуі ықтимал.
Рейтинг агенттігінің болжамы бойынша, биыл Арменияның ЖІӨ өсімі – 6,3%, Өзбекстандікі – 5%, Қазақстандікі – 4,1%, Грузиянікі 2,5% болады. Ал Әзірбайжан экономикасының өсімі елдегі мұнай кен орындарының бірте-бірте сарқылуы мен өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты нөлге теңеседі
Қазақстандық банк секторының жағдайы мен болашағы
Былтыр Қазақстан Сбербанк пен Альфа Банктің еншілес ұйымдарын сәйкесінше «Бәйтерек» мемлекеттік қоры мен БЦК-ге сатып, ресейлік банктерге қарсы салынған санкцияға байланысты...