20 сәуірдегі жағдай бойынша қытайлық Xiaomi өзінің алғашқы электромобилі SU7-ге 70 мыңнан астам тапсырыс алды, деп хабарлады компанияның бас директоры Лей Цзюнь. Бұл туралы REUTERS агенттігі жазды.
Компания биыл 100 мың электромобиль жеткізуді көздеп отыр. Басылым бұл ретте бас директордың сөзін келтіреді.
«Xiaomi наурыз айының соңында электромобильге тапсырыс қабылдай бастады. Оның негізгі конфигурациядағы құны 215,9 мың юаньді (30,4 мың доллар) құрайды», – деп хабарлады басылым.
Бұл Tesla-ның Model S электр көлігі бағасынан шамамен 4 мың долларға төмен.
Citi сарапшыларының айтуынша, компания жыл сайынғы жеткізілімдері 300-400 мыңға жеткенде, көлік өндірісінде шығынсыз...