Air Astana жолаушылары аймақтағы су тасқынына байланысты үшінші күн қатарынан Дубайдан ұшып кете алмай отыр.
Әуе компаниясы Дубайдан қосымша рейстер туралы ақпаратты жаңартты. Жергілікті әуежайдағы шектеулерге байланысты компания «Алматы-Дубай-Алматы» бағыты бойынша рейсті тоқтатуға мәжбүр болған.
«Дубай әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі «Алматы-Дубай-Алматы» КС-8970/8980 қосымша рейстерін тоқтатуға мәжбүр. Жолаушылар билет құнын толық қайтару немесе қайта брондау қызметіне жүгіне алады. «Астана-Дубай» КС-205 рейсі Астана уақыты бойынша сағат 19.00 дейін кешіктіріледі», – делінген компания хабарламасында.
Дубай әуежайы бірнеше күннен бері алапат нөсер салдарынан жұмысын тоқтатқан еді. Халықаралық әуежай 24 сағаттан кейін өз жұмысын қайтадан жандандырмақ.
Al...