S&P агенттігі банктің бастамасымен ForteBank рейтингілерін қайтарып алды. Бұл туралы қаржы ұйымы хабарлады.
S&P Global Ratings рейтинг агенттігі, банктің бұл агенттіктің рейтинг тағайындау процесіне қатысуын тоқтату туралы шешіміне байланысты рейтингілерін қайтарып алды.
Наурыз айының соңында S&P агенттігі аталған банк рейтингін ұлттық шкала бойынша «kzA»-дан «kzA-» дейін көтерді. Болжамды «позитивті» деп жақсартты. Рейтингілерді қайтарып алу кезінде ForteBank-тің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингілері «BB-/B» деңгейінде, ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzA», рейтингілері бойынша болжам «Позитивті» болды.
«Біз S&P агенттігіне ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қазіргі жағдай көрсетіп отырғандай, банктің клиенттер, акционерлер мен инвесторлар үшін кредит қабілеттілігін және тұрақтылығын растау...